Әлем чемпионатынан бас жүлдемен оралған петропавлдық би ұжымының жетекшісі марапатталды

0
57
Әлем чемпионатынан бас жүлдемен оралған петропавлдық би ұжымының жетекшісі марапатталды

Петропавлдағы «Sensitive» бал биі ансамблінің көркемдiк жетекшiсi Ольга Ростовщикова «Мәдениет саласының үздiгi» төсбелгiсiмен марапатталды.

«Sensitive» би ансамблi бүкiл әлемдi бағындырды. АҚШ-та өткен сахналық өнерден әлем чемпионатының жеңiмпаздары елге оралды. Ансамбль ұжымына әлемдiк аренадағы зор табысы үшiн алғыс айтамын. Ансамбльдiң көркемдiк жетекшiсi Ольга Ростовщикова «Мәдениет саласының үздiгi» төсбелгiсiмен марапатталды», – дейдi Солтүстік Қазақстан облысының әкiмi Құмар Ақсақалов.

Әлем чемпионатынан бас жүлдемен оралған петропавлдық би ұжымының жетекшісі марапатталды

Еске салсақ, Петропавлдың «Sensitive» бал биі ұжымы АҚШ-тың Калифорния штатында өткен әлем чемпионатына қатысып, гран-приді жеңіп алды.

Дереккөз: ҚазАқпарат



ПІКІР ЖАЗУ