ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ МАҚСАТЫНДА СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ

0
67
Бүгін аудан әкімідігінің ғимаратында үкіметтік емес ұйымдардың біліктілігін арттыру мақсатында семинар-кеңес өтті. Жиынға аудандағы «Өмір ырғағы», «Отырар әдебиеті мен өнері», «Ардагерлер», «Дамудың демократиялық жолын қолдау орталығы» т.б қоғамдык бiрлестіктерінің өкілдері қатысты.
Қоғамдық ұйым өкілдерінің қатысуымен өткен жиында Отырар ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Еркебулан Жаймурзаев «ҮЕҰ ДЕРЕКҚОРЫНА (info.npo) МӘЛІМЕТТЕРДІ УАҚТЫЛЫ ҰСЫНУ» тақырыбында хабарлама жасады.
Бірнеше жылдан бері белсенді жұмыс істеп жүрген «Өмір ырғағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Жания Алшериева info.npo порталын қолдану бойынша өз тәжірибесімен бөлісті.

ПІКІР ЖАЗУ