ТҮРКІСТАНҒА ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ӘКІМШІЛІГІ ҚХА ХАТШЫЛЫҒЫ МЕҢГЕРУШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ІССАПАРМЕН КЕЛДІ

Бүгін Түркістан облысына ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Ғалымжан Махан, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Акбаржон Исмаилов және Қазақстан халқы Ассамблеясының Медиация кеңесінің төрағасы Шерзод Пулатов жұмыс сапарымен келді.
Сапар барысында делегация мүшелері Түркістан қаласында бой көтеріп жатқан «Достық үйінің» құрылыс жұмыстарын аралап көрді. Президент тапсырмасына сәйкес салынып жатқан 4 қабатты ғимараттың құрылысы бүгінгі таңда қызу жүргізіліп жатыр. Аталған ғимарат биыл күзде пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.
Сондай-ақ сапар аясында «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында ҚХА жанындағы құрылым жетекшілері және этномәдени орталықтарының жетекшілерімен, Түркістан қаласы мен Сауран ауданының мәслихат депутаттарымен, мемлекеттік қызметкерлермен, қоғам белсенділерімен, Ардагерлер, Ақсақалдар және Аналар кеңестерінің төрағаларымен, білім беру ұйымдары басшыларымен кездесу өтті.
Келелі басқосуға қатысушылар этносаралық татулықты сақтау, қоғамдық келісімді нығайту бағытында өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.
Елордадан келген топтың Түркістан облысына сапары 18 қаңтарға дейін жалғасады. Сапар шеңберінде Кентау қаласы мен Мақтаарал, Сарығааш, Төлеби, Сайрам аудандарында бірнеше кездесулер өтеді деп жоспарлануда.
Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы “Қоғамдық келісім” КММ-нің баспасөз қызметі